10-14 қыркүйек аралығында Франкфурт ең маңызды халықаралық іс-шаралардың бірі - “Automechanika Frankfurt-2024” көрмесін қабылдай отырып, автомобиль инновациясы саласының орталығына айналды. Биылғы жылы көрме 80 елден 4200-ден астам компанияны тартып, әлемнің түкпір-түкпірінен 108 000-нан астам қатысушы бас қосты. Кәсіби мамандар электрлендіру, тұрақты даму, цифрландыру, AI технологиялары және кәсіби кадрларды іріктеу саласындағы соңғы жетістіктерді көріп, талқылай алды.
Халықаралық шараны ұйымдастырушы - “Messe Frankfurt”. Оның шақыруы бойынша “Automechanika Frankfurt-2024” көрмесіне “Business Media Central Asia” (BMCA) басшылығы да қатысты. Біздің өкілдеріміз мамандандырылған форумдарға белсенді қатысты, озық жобалармен және технологиялармен танысты, сондай-ақ халықаралық серіктестермен және саланың негізгі қатысушыларымен бірқатар кездесулер өткізді. Осындай беделді көрмеге қатысу BMCA-ға жаһандық көшбасшылармен байланысты нығайтуға және Орталық Азиядағы автомобиль нарығын дамытуға бағытталған ынтымақтастық перспективаларын талқылауға мүмкіндік берді.
“Automechanika Frankfurt” көрмесінде BMCA басшылығы стратегиялық жобаларды, соның ішінде Қазақстан мен Өзбекстанда өтетін алдағы халықаралық көрмелерге қатысты да ұсыныс жасады. Екі көрме - “Automechanika Tashkent” және “Automechanika Astana” — Орталық Азия өңірі үшін өзекті перспективалық шешімдер мен технологияларды талқылау үшін жетекші өндірушілерді, жеткізушілерді және мамандарды тарта отырып, автомобиль және көліктік салалардағы жаңа жетістіктерді көрсетуге арналған алаңға айналады.
“Business Media Central Asia” іс-шараға шақырғаны және жоғары ұйымдастырғаны үшін Messe Frankfurt-ке, сондай-ақ, барлық серіктестер мен әріптестерге нәтижелі кездесулер мен қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреді. “Business Media Central Asia” өкілдері көрменің Қазақстанның автомобиль нарығын дамыту және озық технологияларды енгізу үшін маңыздылығын атап өтті. BMCA командасы жаңа кездесулер мен табысты бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін алдағы “Automechanika Tashkent” және “Automechanika Astana” көрмелерін асыға күтеді!